Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 8 медаль иеленді

1390
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3PXwM7nSCBmw7XrvBKe7L3PANNyY4Eh6bh3HfcRi.jpg

Тәжікстан астанасы Душанбеде 5-9 қараша аралығында өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына сегіз медаль салды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Байқауға 10 мемлекеттен дарынды оқушылар қатысқан.

Қазақстан құрамасы екі жас санатында 14-15 жас (7-8 сынып) және 16-18 жас (9-11 сынып) аралығындағы оқушылардан құралған. Нәтижесінде қазақстандықтар жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізді.

 Жоғары жас санаты (9-11 сынып):

Мансұр Мамадахунов – Қызылорда облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);

Алдияр Сейітбай – Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);

Әли Еркебұланұлы – ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы (математика);

Бердібек Орынбасар – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (математика).

Кіші жас санаты (7-8 сынып):

Ахмет Бердімұрат – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты (математика);

Темір Оразбек – Республикалық физика-математика мектебі, Алматы (математика);

Азамат Рахімбердиев – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика); 

Ислам Ермұқанов – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика).

Олимпиаданың жұмыс тілдері – ағылшын, орыс және тәжік тілдері. Қатысушылар математика мен информатика пәндері бойынша теориялық және практикалық турларда білімдерін сынады.

Қазақстан құрамасының олимпиадаға қатысуы Оқу-ағарту министрлігінің тікелей қолдауымен, сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Yorumlar
Diğer Haberler