ChatGPT пайдаланушыларына заң және медицина бойынша кеңес алуға тыйым салынды

1104
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/YWQuYh5oOb79eHZXtQqcmktj3QfSgEYBGm3QfHqQ.webp

OpenAI компаниясы қызметтерді пайдалану саясатының жаңартылғанын хабарлады. ChatGPT қосымшасынан заң және медицина саласы бойынша кеңес алуға тыйым салынды, деп хабарлайды "Адырна". 

Жаңартулар білім беру, тұрғын үй, жұмыспен қамту, қаржылық қызметтер мен несие беру, сақтандыру және "маңызды мемлекеттік қызметтер" тақырыптары бойынша кеңес беруге тыйымды қамтиды. Сонымен қатар, ChatGPT енді көші-қон және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша да кеңес бере алмайды.

"Біз пайдаланушылардан қызметтерімізді тиісті түрде пайдалануды талап етеміз, ал біздің ережелер мен қауіпсіздік шараларын бұзу немесе сақтамау жүйелерімізге қолжетімділікті жоғалтуға немесе басқа да жаза шараларына әкелуі мүмкін", – делінген компания хабарламасында.

Енді ChatGPT ресми түрде кеңесші немесе көмекші ретінде емес, білім беру құралы ретінде пайдаланылмақ.

 

Yorumlar
Diğer Haberler