Жылыну мен жауын болмауының салдары. Алып мұздық бөлінді

479
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/O5qpkYrTJ2EM9QI7dcLWmFyLjIaNPEppLuseHnKx.webp

Тәжікстанның Тәжікабад ауданындағы Дехдал мұздығынан ірі мұз массасы бөлініп қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Kazinform-ға сілтеп.

Оқиға 2025 жылдың 25 қазанында тіркелген.

Елдің гидрометеорология агенттігі мұздықтың ұзындығы шамамен 1500 метрге, биіктігі 50 метрге дейін жеткен бөлігі төмен қарай жылжығанын хабарлады.

Мамандар бұл табиғи құбылысты ауа температурасының көтерілуімен және ұзақ уақыт жауын-шашынның болмауымен байланыстырып отыр. Бұл жағдай мұздықтың белсенді еруіне және аймақтағы су теңгерімінің өзгеруіне әсер еткен.

Билік өкілдерінің мәліметінше, мұздың бөлінуінен адам шығыны тіркелмеген және ешқандай нысанға залал келмеген. Дегенмен сарапшылардың айтуынша, алдағы уақытта қатты жауын-шашын болса, кейбір елді мекендерді су басу қаупі жоғары.

Yorumlar
Diğer Haberler