Энергетика министрлігі АИ-92 бензинінің қымбаттауына шағымдануға болатын жедел желіні іске қосты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ведомствоның мәліметінше, егер жүргізушілер жанармай бағасының негізсіз өсуін немесе жанармай тапшылығын байқаса, +7 701 855 02 48 нөмірі арқылы хабарласа алады.
«Әрбір шағым мұқият қаралады. Егер бұзушылықтар анықталса, нарықтағы адал емес ойыншыларға қатысты шара қолданылады», — делінген энергетика министрлігінің мәлімдемесінде.
Министрлік агенттікпен және өңірлік штабтармен бірлесіп, жасанды тапшылық пен алыпсатарлық әрекеттердің алдын алу бойынша қатаң бақылау жүргізіп жатқанын атап өтті.