1 млрд теңгелік "алтын паспорт". Назарбаев жиенінің екінші азаматтығы анықталды

1401
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Qm9Inkbudx1AxnKOBbONJASkDrR7bW2K5ks1BAbB.jpg

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, Тимур мен Динара Құлыбаевтардың ұлы Алтай Асқар Кипр азаматтығын алғаны анықталды. Тергеу деректеріне сәйкес, ол бұл азаматтықты Кипрдің инвестициялық бағдарламасы арқылы 2019 жылы шамамен 1 миллиард теңгеге алып, "алтын паспорт" иеленген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

Кипр үкіметінің ресми басылымында Алтай Асқардың азаматтық алу үшін өтініш бергені жарияланған. Бағдарлама сол уақытта әлемнің әртүрлі елдерінен келген бай адамдарға мүмкіндік берді, оның ішінде іздеуде болған тұлғалар да бар. Al Jazeera телеарнасы жүргізген тергеу нәтижесінде, Еуроодақ билігі бұл жағдайға алаңдап, 2020 жылдың қарашасында Кипр "алтын паспорттар" бағдарламасын жапты.

Бағдарлама бойынша азаматтық алу үшін негізгі өтініш беруші кемінде 2,5 миллион еуро инвестиция салуы керек болған. Сол 2019 жылғы бағам бойынша бұл шамамен 1,07 миллиард теңгеге тең. Осылайша, Алтай Асқар Қазақстан заңнамасына қайшы екінші азаматтыққа ие болған.

Қазір Кипр билігі заңсыз алынған азаматтықтарды кері қайтару процесін жүргізіп жатыр. Олардың қатарында Қазақстаннан басқа да белгілі тұлғалар бар, мысалы, Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры Мақсат Әріп те бар. Оны 2024 жылдың наурыз айында БАӘ-де Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша ұстаған.

Сондай-ақ, Кипр азаматтығынан айырылғандар арасында ресейлік олигархтар Олег Дерипаска, Алексей Кузьмичев, Михаил Гуцериев, Вадим Мошкович, сондай-ақ өзбекстандық миллиардер Алишер Усмановтың әпкесі Гүлбахор Исмаилова және украиналық кәсіпкер Игорь Коломойский бар.

Сонымен қатар, жақында 35 жасқа толатын Алтай Асқардың Швейцария резиденттік картасы бар. Ол осы елді тұрғылықты жері ретінде көрсетіп, әкесі Тимур Құлыбаевтың серіктесі Бахаридин Аблазимовпен бірге америкалық ORBI стартапына инвестиция салған. Құлыбаевтар Швейцариядағы Bellerive қамалының иесі, және осы мүліктің сатып алыну тарихына қатысты Женева прокуратурасы 2024 жылы тергеу бастаған.

Шетелдегі жылжымайтын мүлікке келетін болсақ, Мәскеуде Алтай Асқардың "Меркурий" мұнарасында 114,5 м² пәтері бар. Оның бағасы нарықтағы орташа бағамен шамамен 400 миллион теңге. Дубайдағы Palm Jumeirah аралындағы Marina Residences тұрғын кешенінде орналасқан 633 м² пәтерінің бағасы шамамен 2 миллиард теңге деп бағаланған.

Yorumlar
Diğer Haberler