Болмаған Будапешт саммитін Путин кейінге шегерілді деп түсінді

1234
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MaXFcibDnEiUCdcg6tBbvPMZENpRdHKU3GC8eg78.jpg

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамптың Будапештте өтуі тиіс саммитке қатысты сөзін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл кездесу жойылған жоқ, тек кейінге шегерілді. Мәлімдеме 23 қазан күні Мәскеуде жасалды, деп хабарлайды "Адырна" Кремльдің ресми сайтына сілтеп.

Путиннің айтуынша, АҚШ президенті кездесуді кейінге қалдыру туралы айтқан.

«Диалог әрдайым қақтығыстан да, даудан да, соғыстан да жақсы. Біз әрқашан келіссөздер жалғасқанын қалап келдік және қазір де қолдаймыз», - деді ол.

Сондай-ақ Ресей басшысы:

«Бұл кездесуге мен де, АҚШ президенті де жеңіл қарамауымыз керек. Кездесуден күткен нәтиже шықпай қалса, бұл қателік болар еді», - деп атап өтті.

Оның сөзінше, Будапешт саммитін өткізу бастамасын АҚШ ұсынған, ал оған дейін мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың кездесуі жоспарланған.

Путин АҚШ енгізген жаңа санкцияларға да пікір білдірді. Ол шектеулердің «елеулі салдары болуы мүмкін» екенін мойындағанымен, олардың Ресей экономикасына айтарлықтай әсер етпейтініне сенімді екенін айтты.

«Бұл – Ресейге қысым көрсету әрекеті. Бірақ өзін құрметтейтін ешбір мемлекет қысыммен шешім қабылдамайды», — деді Путин.

Сондай-ақ ол жаңа санкциялар екі ел арасындағы қатынастардың қайта жандануына кедергі келтіріп отырғанын айтты.

«АҚШ әкімшілігінің мұндай қадамдары Ресей мен Америка арасындағы қарым-қатынасқа зиян келтіреді», - деп түйіндеді Ресей президенті.

Еске салайық, 16 қазанда Путин мен Трамп телефо­н арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдайды талқылаған еді. Кейіннен көшбасшылардың алдағы екі апта ішінде Будапештте жеке кездесу өткізуге келісімге келгенін айтылды, алайда нақты уақыты белгіленбеген болатын. Ал 17 қазанда Трамп Ақ үйде Зеленскиймен жолыққан еді.

Будапештегі кездесу бола қалса, Зеленский оған өзінің де қатыса алатынын мәлімдеген.

Ал Еуропа елдері Будапештке Путиннің ұшағын өткізбейтінін жариялаған. Литва тіпті "Путинге Еуропада тек Гаагада орын барын" жариялаған, Халықаралық қылмыстық сотқа сілтеп. Халықаралық қылмыстық сот Путин барса, сол елдерді оны ұстап сотқа тапсыруға міндеттеген. Путин таяуда Душанбеге сапарлаған кезінде Халықаралық қылмыстық сот Путинді ұстамағаны үшін Тәжікстанды айыптаған. 

Одан кейін Трамп жақын арада Ресей басшысы Владимир Путинмен кездеспейтінін айтты. Бұл туралы Ақ үй де ресми растаған. 

  
Yorumlar
Diğer Haberler