Ел президентінің тікұшағы жаңа асфальтқа батып қалды

627
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BFNtrcmsFEh563kdVyHBoLFfQtTmPn3aZk0x5Gru.png

Үндістан президенті Драупади Мурму мінген тікұшақ елдің оңтүстігіндегі Керала штатына қону кезінде жаңа төселген асфальтқа түсіп кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The Times of India басылымына сілтеп.

Оқиға президенттің Керала штатына жасаған төрт күндік ресми сапары барысында болған. БАҚ мәліметінше, тікұшақтың қону алаңына бірнеше сағат бұрын ғана жаңа асфальт төселген.

Әуе кемесі жерге қонған сәтте алаңның бір бөлігі опырылып, тікұшақ дөңгелектері жұмсақ асфальтқа кіріп кеткен. Президент пен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ.

Полиция мен өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу келіп, тікұшақты қолмен итеріп шығарып, қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Кейін Драупади Мурму сапарын автокөлікпен жалғастыруға мәжбүр болды.

Yorumlar
Diğer Haberler