Тізімде қазақстандық банк бар. Ресейге қарсы кезекті санкция жарияланды

1225
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/eVliQbhzEvJaUPVscKLOeMQjq0fRBFJz94CWJYOG.webp

Еуропа одағы Ресейге қарсы кезекті – 19-шы санкциялар пакетін бекітті. Санкция тізіміне Қазақстандағы ВТБ банкі де енгізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл шешімге сәйкес, тізімге енген банктерге Еуропа одағы елдерімен кез келген қаржылық есеп айырысуға тыйым салынады. Бұл олардың халықаралық операцияларға, әсіресе еуро мен доллар валютасымен жұмыс істеу мүмкіндігін шектейді.

Санкциялар 2025 жылдың 2 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

Еуроодақтың тізімінде Қазақстандағы ВТБ банкімен қатар Қытай мен Беларусьтегі ВТБ бөлімшелері де бар. Сондай-ақ санкциялар Ресейдің “Сбербанк” және “Альфа-Банк” банктерінің Беларусьтегі еншілес құрылымдарына да қатысты.

Ұлттық банктің мәліметінше, ВТБ Қазақстан активтер көлемі бойынша елдегі 20-орында тұр. Қазіргі уақытта Қазақстанда 23 банк жұмыс істейді.

Айта кетейік, ВТБ Қазақстан халықаралық ВТБ қаржы тобының еншілес банкі болып табылады. Бұл топ құрамында 20-дан астам кредиттік және қаржылық ұйым бар.

Yorumlar
Diğer Haberler