"Тарақан қаптап, сасық иіс мүңкіген". Антисанитариялық жағдайда өмір сүрген отбасы табылды

675
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AVxBli4ExqZn0ENecZxZH2dA47ZBskBszlNTvmJa.webp

Атырау қаласында Привокзальный шағынауданындағы пәтерлердің бірінен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары кішкентай баласы бар отбасын өте лас, антисанитариялық жағдайда өмір сүріп жатқан күйінде анықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы әлеуметтік желіде тарады. 

Көршілердің шағымынан кейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары пәтердің есігін ашқанда, тау боп үйілген қоқыс пен сасық иіске тап болған. Арнайы қорғаныс киімімен әрең кірген мамандар үйде адамдар тұрып жатқанын, тіпті бір бөлмеде кішкентай баланың жатқанын анықтаған.

Белгілі болғандай, ата-ана кішкентай баласымен бірге қоқыстың арасында өмір сүріп келген. Тексеру барысында пәтер тұрғындары полиция бөліміне жеткізілді.

Көршілердің айтуынша, олар пәтерден шығатын қолқаны қабатын иіске байланысты бірнеше рет әртүрлі қызметтерге шағымданғанымен, нақты шара тек жағдай ушығып кеткен соң ғана қабылданған.

Қазір коммуналдық қызмет өкілдері пәтерден қоқысты шығарып, дезинфекция жұмыстарын жүргізуге дайындалуда.

Yorumlar
Diğer Haberler