Димаш ана тіліне нұқсан келтірген Байділдиновті сынға алды

1731
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/eFeQcbWHyrYrNRp2n947Zj2LEcwVZdIPY3pFVacy.webp

Белгілі әнші Димаш Құдайберген мұнай және энергетика саласының сарапшысы Олжас Байділдиновті сынға алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін сарапшы елімізде қазақша сөйлейтін жандардың қатары көбейіп бара жатқанын айтып, шара қолдану керектігін мәлімдеген еді.

«Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілін құрметтейміз. Бірақ құрмет бәрінен бұрын өзіңнен басталады. Ана тілінен ұялып, өзгенің мақұлдауына ұмтылған адам сөзін емес, тамырын жоғалтады»,—деді әнші.

Сондай-ақ ол Байділдиновтің арандатушы екенін айтты.

«Олжас, сен сияқты арандатушыны жұмыстан шығарады деп үміттенемін, өйткені сен қорқақ кішкентай бала сияқтысың. Сен қазақша білмегендіктен, қазақ тілінде жазбадым»,—деп толықтырды Димаш Құдайберген. 

Әншінің бұл пікірін әкесі Қанат Айтбаев та қолдады.

«Мемлекеттік тілді мойындамау – мемлекетті мойындамау»,–деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін Олжас Байділдинов Астана мен Алматыдағы автобус билеті 500 теңге болуы тиіс деген пікір айтып, көптің наразылығын тудырған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler