Жанармай көлігі ұшақты жанап өтті. Ұшақ Алматыдан ұшып кетті

1050
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6zKFHMLj7SgA3L5roVvqpzfDNPrzL7shXY8PrS5j.jpg

Алматы халықаралық әуежайында жанармай құятын көлік Lufthansa әуе компаниясының ұшағын жанап өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға 13 қазан күні болған. Шамамен сағат 01:25-те Алматыдан Астанаға ұшуы тиіс Airbus A340 әуе кемесіне жанармай құйылған. Жанармай құюшы көлік тұрақтан шығу кезінде ұшақтың қозғалтқышын жанап өткен. Әуе кемесінің қозғалтқыш капотында аздаған сызаттар бары анықталған.

«Қажетті техникалық шаралар жүргізілгеннен кейін әуе кемесіне ұшуға рұқсат берілген.  Әуежайдың ұшу қауіпсіздігі департаменті бұл оқиға бойынша жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - делінген әуежайдың хабарламасында.

Yorumlar
Diğer Haberler