Семей қаласының сайланған жаңа әкімінің есімі жарияланды

1314
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/t2eyDpI5LLUhGz5WcELgtR7uqpCtvnrvcnT5Ad7a.webp

Абай облысы Семей қаласында 12 қазанда өткен әкім сайлауының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 220 761 азамат енгізілген. Оның ішінде 118 553 адам дауыс беруге қатысқан. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 2482, ал «Барлығына қарсымын» деген таңба қойылған бюллетеньдер – 4310.

Сайлау нәтижесі бойынша кандидаттардың алған дауыстары мынадай:

  • Бекжасаров А.Қ. – 9 763 дауыс;

  • Қожанбаев Ә.Н. – 89 441 дауыс;

  • Төлеуов Қ.М. – 12 557 дауыс.

Осылайша, Семей қаласының әкімі болып Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы сайланды. Ол 1980 жылы туған, бұған дейін Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі қызметін атқарған. Қожанбаев өзін-өзі ұсыну тәртібімен сайлауға қатысқан.

Аумақтық сайлау комиссиясы дауыс беру процесі заңға сай өткенін және сайлау нәтижелері ресми түрде бекітілгенін хабарлады.

Yorumlar
Diğer Haberler