Тұрғын үйді бөлу жүйесінде әлеуметтік санаттарға басымдық берілмек

826
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZagIcPl3U8ugpZNdSw0yftp1AwIeomsSr1yLQwCX.jpg
Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінде «Отбасы банк» акционерлік қоғамының қатысуымен тұрғын үй бағдарламаларына қатысты түсіндірме жұмыстары бойынша мәжіліс өтті.
Жиын барысында банк мамандары азаматтарға тұрғын үйді бөлудің жаңа тәртібін таныстырып, берілетін жеңілдіктер мен басымдықтарға тоқталды. Атап айтқанда, енді жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйлерді бөлу кезінде тұрғын үй қорының 70 пайызы бірінші кезектегі құқыққа ие әлеуметтік осал топтарға берілетін болады. Бұл жүйе ең алдымен баспанаға мұқтаж азаматтарды қолдауға бағытталған.
Бірінші кезектегі құқық берілетін санаттарға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жетім балалар, көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтар, мүгедек балалары бар отбасылар, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдарға қатысушылар, жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және жесірлер жатады.
Мәжіліс барысында қатысушыларға бағдарламаның негізгі шарттары, өтінім беру тәртібі мен құжаттарды тапсыру жолдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріліп, алдағы уақытта тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат айтылды. 
Yorumlar
Diğer Haberler