Венесуэлалық оппозиция жетекшісі Нобель сыйлығын Дональд Трампқа арнады

1404
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NMWjco9esoO6m07zGKlZhQvXgefJTsHQuaJepDYF.jpg

Венесуэлалық оппозиция жетекшісі Мария Корина Мачадо 2025 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері атанды. Ол бұл марапатты өз халқы мен АҚШ-тың президенті Дональд Трампқа арнады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мачадо «Бұл сыйлықты Венесуэланың азап шегіп жатқан халқына және біздің ісімізге шешуші қолдау көрсеткен Президент Трампқа арнаймын», – деп жазды X әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, Мачадо – Венесуэлада авторитарлық билікке қарсы күресіп жүрген оппозиция өкілі. 2024 жылы елдің соты оны президенттік сайлауға түсу құқығынан айырған. Соған қарамастан, ол демократия мен еркін сайлау үшін күресін жалғастырып келеді.

Нобель комитеті оның «диктатура жағдайында еркіндік үшін күрестегі батылдығын» атап өтті. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла басшысы Николас Мадуроны ұзақ жылдар бойы сынап келеді және оның билігін заңсыз деп танитын елдердің қатарында.

Мачадо Нобель бейбітшілік сыйлығын алған алғашқы венесуэлалық және Латын Америкасынан шыққан алтыншы лауреат атанды.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін өзін бұл марапатқа лайықпын деп санайтынын айтып, «Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыспен қоса, жеті соғысты тоқтаттым» деген еді.

Yorumlar
Diğer Haberler