Ресей АҚШ-пен плутонийді жою туралы келісімді ресми түрде тоқтатты

1268
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/y1hSeEYBJaVaGN7annqUWtGrJduWC2c8zuqSXFAZ.webp

Ресей Мемлекеттік думасы 8 қазанда АҚШ-пен плутонийді жою туралы келісімді денонсациялау (яғни, күшін жою) туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, бұл келісім екі елдің артық 34 тонна әскери плутонийін бейбіт мақсатта өңдеуге арналды.

Келісім алғаш 1990-жылдардың соңында жасалып, 2011 жылы ресми түрде бекітілген болатын. Алайда 2016 жылы Ресей келісімді орындауды өз бетінше тоқтатқан. Енді Дума бұл шешімді заңды түрде бекітті.

Мемлекеттік думаның төрағасы Вячеслав Володин бұл қадамды «Ресей мен оның азаматтарының мүддесін қорғау» деп атады. Ал сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков қазіргі жағдайда бұл келісімді сақтау «мүмкін емес» екенін айтты.

Ресей тарапы мұндай шешімге АҚШ-тың санкциялары, НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюі және Вашингтонның Украинаға қолдауы себеп болғанын мәлімдеді.

Сарапшылардың айтуынша, келісімнің бұзылуы халықаралық қауіпсіздікке әсер етуі мүмкін.

Айта кетейік, плутоний - ядролық қару жасауға қолданылатын маңызды материал.

Халықаралық қауымдастық бұл шешімге қатысты пікірлерін білдіре бастағанымен, мәселе енді дипломатиялық деңгейде талқыланбақ.

Yorumlar
Diğer Haberler