Трамп Ақ үйдегі Байден портретінің орнына автоқалам суретін орнатты

1331
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SYbEfEqWuGbOXfwNNnxREp41Rp5cnDhixc15hASN.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдің Батыс қанатындағы Роза бағы колоннасының бойында «Президенттік Даңқ аллеясын» ашты, деп хабарлайды "Адырна".

“Ақ үйдің батыс қанатында «Президенттік Даңқ аллеясы» пайда болды,” — деп жазды Президенттің арнайы көмекшісі және коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Марго Мартин X-те бөліскен жазбасында.

Алайда, бұрынғы президенттерге арналған орындардың бірі ерекшеленіп тұр. Джо Байден портретінің орнында автоқаламмен (Autopen) қойылған қолтаңба суреті тұр.

Трамп Байденнің маңызды құжаттарға өз қолымен қол қоюдың орнына автоқаламды шамадан тыс пайдаланғаны туралы бірнеше рет айтқан. Маусым айында ол Байденнің «когнитивті қабілетінің төмендеуі» айтылатын меморандумдағы оның Autopen-ді пайдаланғанын тексеруді бұйырды.

Yorumlar
Diğer Haberler