«Қазақстан халқына»: 25 кітапхана жаңғыртылып, 114 отбасы жаңа баспанаға ие болды

1556
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/K4sBnbhpyzMo7dEXal5DGpaWRWVDAOteu6Z68hFN.jpg

2022 жылдан бастап «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры тұрғындарға қомақты қайырымдылық көмек көрсетіп келеді.

Осы уақыт ішінде жалпы сомасы 11,3 млрд теңгеге 24 әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылды. Бұл жобалар денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет пен әлеуметтік қолдауды қамтып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Аталған қор Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылып, 2022–2025 жылдарға арналған жоспар аясында Батыс Қазақстан облысының халқына кешенді қолдау көрсетуде. Осы жоба аясында өңірде 24 қайырымдылық бағдарлама іске асып жатыр. Жобалардың орындалуын бақылау мақсатында елордадан арнайы келгенқор өкілдері Дариян ауылындағы жаңартылған кітапхананың жұмысымен танысты.

Ауылдық кітапхана – қор есебінен жөнделіп, заманауи мәдениет ошағына айналған нысандардың бірі. Жалпы, облыс көлемінде 25 ауылдық кітапхана жаңғыртылды. Бұл бастама ауыл тұрғындарының көңілінен шығып, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қолайлы орта қалыптастырды. Кітапханаларда балалар мен жастарға арналған түрлі үйірмелер ашылып, келушілер саны арта түсті.

«Қазақстан халқына» қорының аға менеджері Динара Нұрқасымованың айтуынша, қор қаражаты тиімді әрі қажетті салаларға бағытталуда.

– Ауылдық кітапханаларды жаңғыртуауыл тұрғындарының білімге, мәдениетке қолжетімділігін арттырады. Қазір кітапханалар жастардың сүйікті орнына айналып келеді. Түрлі үйірмелер жұмыс істеп, оқушылар белсенді қатысуда, – деді ол.

Дариян ауылындағы кітапханада бүгінде пианино, тоқыма, кесте тігу сияқты үйірмелер белсенді жұмыс істейді. Мектеп оқушысы Сабина Естова аптасына екі рет келіп, музыка сабағына қатысып жүргенін айтты.

– Бізбейсенбі және жексенбі күндері үйірмелерге келеміз. Өте қызықты. Мен көпшік тігіп, түрлі бұйымдар жасауды үйрендім, – дейді Сабина.

Аталған кітапхана өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді. Осындай жаңартылған кітапханалар Переметный, Үлкен Шаған, Рубежка және Шапов ауылдарында да іске қосылып, халық игілігіне тапсырылды.

Мәдениет саласындағы жұмыстармен қатар, қор әлеуметтік қолдау бағытын да назардан тыс қалдырмады. Дариян ауылынан кейін қор өкілдері Сырым ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа үйлердің құрылыс барысымен танысты. Қор қаржысы есебінен барлығы 114 жаңа үй салынды. Бұл үйлер Жымпиты, Өлеңті, Бұлдырты және Көздіқара ауылдарында бой көтеріп, иелеріне табысталды. Қоныс иелері жаңа баспаналарға көшіп, жайлы өмір сүру мүмкіндігіне ие болды.

Жаңғыртылған кітапханалар бүгінгі күн талабына сайкелетін, тек кітап оқуға арналған емес, жан-жақты мәденишаралар өткізілетін орталыққа айналды. Қордың қолдауынаалғысымыз шексіз - дейді Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жеңісгүл Танабаева.

Ал ауыл тұрғыны Науран Сарбалақов,
жаңадан жөнделген кітапхана тұрғындарға ұнайтынын айтып, балаларының да жиі келетінін атап өтті.

Yorumlar
Diğer Haberler