Алматыда көшелердің біріне Денис Теннің есімі беріледі

554
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2018/07/DENIS-TEN.jpg

Алматыдағы көшелердің біріне марқұм мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің аты берілетін болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Деректерге сүйенсек Денис Теннің есімі Бостандық ауданындағы ұзындығы 800 метр болатын 7-ші көшеге беріледі.

Кеше Алматы қаласы мәслихатының XXXIV сессиясы өтіп, Алматыдағы 156 атаусыз көшеге атау беру туралы шешім қабылданды.

Оның ішінде 22 көше Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімімен, 15 көше тарихи тұлғалардың құрметіне беріледі.

Жаңа атауларды иеленетін көшелерге Қазақстан тарихы мен мәдениетінде ерекше орын алған тұлғалардың есімдері берілмек:

академик Әбдуәли Қайдар,

археолог Карл Байпақов,

тарихшы Сайым Балмұқанов,

ауыр атлетикадан әлем чемпионы Анатолий Храпатый,

олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен,

халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов,

ақын-жазушы Мұзафар Әлімбаев,

абайтанушы Қайым Мұхамедханов,

қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаров,

КСРО халық артисі Наталья Сац.

Қалған 118 көше тарихи-мәдени және дәстүрлі атауларға ие болады. Бұл ұсыныстар мәслихат комиссияларында қаралып, Қоғамдық кеңеспен келісілген және Республикалық ономастикалық комиссиядан оң қорытынды алған.

Yorumlar
Diğer Haberler