“Мұнайы сатылмауы тиіс”. Трамп Ресейге санкция салуға дайын екенін мәлімдеді

1673
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SCXEUpu8VVBbXtrQBpdf8f76dyhJAlbhB6vFdGTW.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы қатаң санкциялар енгізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақ үй басшысы сенбі күні өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған «президент Дональд Дж. Трамптың барлық НАТО елдеріне және бүкіл әлемге жолдаған хаты» атты жазбасында айтқан.

Алайда ол санкция үшін екі шарт қойып отыр. Барлық НАТО елдері Вашингтонның қадамын қолдап, дәл сондай шара қолдануы керек. Сондай-ақ,  Ресей мұнайын сатып алуды тоқтатуы қажет, 

Трамптың айтуынша, кейбір елдердің Мәскеуден мұнай сатып алуы Ресейге қысымды әлсіретіп отыр.

«Мен әрекет етуге дайынмын, сендер дайын болсаңдар болды. Маған қашан екенін айтыңдар», – деді АҚШ басшысы.

Сондай-ақ ол топ болып Қытайдан келетін тауарларға 50–100 пайыздық кедендік баж салығын енгізуді ұсынды. Бұл шара Ресейге қатысты Бейжіңнің ықпалын әлсіретеді деп атап өтті.

Трамп қазіргі қақтығысты өзінің емес, «Байден мен Зеленскийдің соғысы» деп атап, оны тоқтатудың басты мақсаты – мыңдаған ресейлік пен украиндықтың өмірін сақтап қалу екенін жеткізді.

Бұған дейін ол Ресей президенті Владимир Путинге қатысты сабыры таусылып бара жатқанын айтып, Мәскеу мен Киев келіссөздерге дайын болмай отырғанына өкініш білдірген еді.

Yorumlar
Diğer Haberler