Маңғыстаудағы апат. Марқұмдардың туыстарын арнайы ұшақ сол аймаққа алып кетті

901
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cwVvtz3oKGbly3wMs8UwTqsPUYUxxlnBpKJq4Ula.jpg

Маңғыстау облысындағы қорқынышты жол апатынан қаза тапқандардың туыстарын Ұлттық ұланның арнайы ұшағы апат болған аймаққа қарай алып ұшты, деп хабарлайды “Адырна”.

Ішкі істер министрлігі сол арқылы марқұмдардың артында қалған жақындарына қолдау көрсетіп, демеу болмақ.

«Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұланның арнайы борты жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарын Маңғыстау облысына алып ұшты. Марқұмдардың жақындары мәйіттерді танып, қажетті құжаттарды рәсімдейді. Осы ұшақ қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізіп береді», - деп хабарлады ІІМ ресми өкілі - департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.

Ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандардың ішінде — бес әйел Қарағанды облысынан, біреуі Астана қаласынан барған әйел.

«Осылайша, ішкі істер министрлігі қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсетіп, мәйіттерді тасымалдау және жерлеу рәсіміне шұғыл көмек береді», - деп хабарлайды дереккөз.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 11 қыркүйек күні Маңғыстау облысындағы жантүршігерлік жол апатынан 10 адам көз жұмды. Трагедия 11 қыркүйек күні Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым қашықтықта болған. 

Yorumlar
Diğer Haberler