"32 миллион теңгеден астам". Қазақстандық тісін емдету үшін зейнетақы шотынан қаржы алған

982
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5gro6XJKv6xL2tGMKfBTCXEbwR8EMLnfZDqDatdU.jpg

Қазақстандық азамат тістерін емдету үшін зейнетақы қаражатынан 32,6 миллион теңге алған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Отбасы банкінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ол тісін емдету үшін 11 рет өтінім берген.

«Клиенттердің бірі тістерін емдету үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану туралы 11 рет өтініш берген. Оның жалпы алған сомасы 32,6 миллион теңгені құрады. Егер бір имплант пен тақтыру құны 500 мың теңге деп есептесек, бұл ақшаға 65 имплант орнатуға болар еді», – делінген Отбасы банкінің хабарламасында.

Бұл жағдай елімізде қайталанғаны анықталды. Тағы бір тұрғын зейнетақы шотынан ақша алу үшін 27 рет өтініш берген. Аударылған жалпы сома 13,1 миллион теңге болған.

«Тағы бір клиент тіс емдеуге 24,7 миллион теңге жұмсаған. Бұл сома біржолғы түрде стоматологиялық клиникалардың біріне аударылды», – деп мәлімдеді банктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, елімізде стоматологиялық қызметтерге зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін өтініш қабылдау уақытша тоқтатылғанын хабарлаған едік.

Yorumlar
Diğer Haberler