Ақтаудағы апат. АҚШ елшілігінің өкілі оқиға орнында болды

1787
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zx8aeLHcHVqQnjqnQwzPsXdpi2yN5LBo8BKRrw7k.webp

АҚШ-тың Әзербайжандағы елшілігінің экономика жөніндегі кеңесшісі Эшли Тауэрс AZAL әуе компаниясының ұшағы құлаған жерге барды. Бұл туралы елшілік әлеуметтік ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ақтаудан аттанар алдында АҚШ-Әзербайжан сауда палатасының атқарушы директоры Натиг Бахышов пен АҚШ-тың Әзербайжандағы елшілігінің экономика жөніндегі кеңесшісі Эшли Тауэрс AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған жерге барды. Біз бұл жерде қайғылы жағдайда қаза тапқан бейбіт жандардың рухына тағзым еттік. Ұшақтың сынықтары әлі күнге дейін аумаққа шашылып жатыр, бұл көрініс жоғалған өмірлерді еске түсіретін қайғылы белгі болып тұр», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңына Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer E190 жолаушы ұшағы құлаған болатын. Борттағы 67 адамның 38-і қаза тапқан. Бұған дейін Әзербайжан тарапы ұшақты Ресейдің зениттік кешендері атып түсірді деген мәлімдеме жасаған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler