Жолдау жүктеген міндеттер

1653
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/r81Gt4YMTVQUy4PYst4WlFN1yrOOr8qHor9OScb7.jpg

Оралдықтар Президент Жолдауын тұшына тыңдады. Мәселенің үлкен-кішісі болмайды. Оралдықтар Президенттің Жолдауында келтірілген деректер мен айтылған жәйттердің өзекті екенін жеткізді. Яғни, әлемдегі геосаяси ахуалдан бастап, есік алдындағы тазалыққа дейін өте маңызды.

Бауыржан Атауов, Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы:

– Бүгінгі алмағайып заманда ертеңгі күнге алаңдамайтын жан кемде-кем. Уақыт зымырап, жылдар жаңарған сайын мызғымастай көрінген құндылықтардың өзі өзгеріп жатыр.

Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында ең алдымен әлемдегі қалыптасқан күрделі ахуалға тоқталды. Іргелес алпауыт елдермен достық қарым-қатынасты сақтай отырып, тәуелсіздігімізді нығайту мен ұлттық экономиканы дамыту жолдарын нақтылап берді.
​Президент елімізге инвестиция тарту, өндіріс саласын өркендету, әсіресе ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру мәселесіне ерекше мән берді. Сонымен қатар, әлемдік дамудан қалыс қалмау үшін жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту – басты бағыттардың бірі екенін атап өтті. Бұл салалар Үкіметтің күн тәртібінен түспеуі тиіс деген нақты тапсырма берілді.
​Жолдауда жасанды интеллектті қолдану, шетелдік инвестицияларды тарту, атом электр станциясын салу, сондай-ақ бір палаталы Парламент құру жөніндегі саяси реформалар секілді маңызды бастамалар да көтерілді.

Алайда Мемлекет басшысы ерекше тоқталған ең маңызды мәселенің бірі – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Ендігі кезекте, тұтынатын негізгі өнімдерді өзімізде өндіру – басты міндет. Отандық тауар өндірушілерге жан-жақты қолдау көрсетілуі керек.

Сонымен қатар, Президент тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты тиімді жаңғырту мәселесінің маңыздылығына да тоқталды. Бұл – халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды сала.
​Яғни, халықты толғандыратын басты мәселелерді Үкімет бірінші кезекте шешуі тиіс. Қолға алынған реформалар өз жемісін беріп, халқымыздың әл-ауқаты арта берсін, еліміз өсіп-өркендей берсін деген тілегім бар.
 
  Әлия Сәлиева, «Әділдік және Өркендеу» республикалық қоғамдық қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша жетекшісі және «Көмектесу – Содействие» қоғамдық қорының атқарушы директоры:

​– 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы
ел дамуының негізгі бағыттарына арналды.

Жолдауда жасанды интеллектті дамыту, шетелдік инвестицияларды тарту, Атом электр станциясын салу, сондай-ақ бір палаталы Парламент құруға қатысты саяси реформалар сынды бірқатар маңызды бастамалар көтерілді.Алайда Мемлекет басшысы ерекше тоқталған ең өзекті мәселенің бірі – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.Президенттің айтуынша, қазір елімізге азық-түлік өнімдерін сырттан тасымалдамай, өзіміз өндіретін кезең келді. Ол үшін халық тұтынатын негізгі тауарларды шығаратын отандық өндірушілерді қолдау – басты міндет.Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты тиімді жаңғырту мәселесі де маңызды бағыт ретінде аталды. Бұл – тұрғындардың күнделікті өмір сапасына тікелей әсер ететін сала.Жолдауда ерекше назар аударылған тағы бір маңызды бағыт – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және экологиялық білімді жаңғырту.

Қазақстан – су ресурстары шектеулі, экологиялық ахуалы күрделі аймақтардың бірі. Сондықтан Аралды сақтау, кіші өзендерді қорғау – алдағы жылдардағы басты экологиялық міндеттердің бірі болмақ.Осы орайда, экологиялық білім мен мәдениетті дамыту – кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл салада білікті мамандарға, жаңа көзқарасқа ие кадрларға аса үлкен сұраныс бар.Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жобасы – осы бағыттағы маңызды қадам. Қоғам бұл жобаға белсенді араласуда. Ауыл-аудандарда жастар бастама көтеріп, аулаларды тазалап жатқанда, сол маңайдағы ақсақалдардың, балалардың және тұрғындардың да атсалысуы – бұл бастаманың ел ішінде кең қолдау тапқанын көрсетеді.Мұның барлығы тазалық пен ұқыптылықты бағалайтын жалпыұлттық экологиялық мәдениеттің қалыптасып келе жатқанын айғақтайды.Яғни, халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін барлық басты мәселелерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бірінші кезекте шешуге тиіс.

Yorumlar
Diğer Haberler