2 жылдан кейін тағы да референдум. Президент бір палаталы парламент құру бастамасын көтерді

1683
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/07/2019062616191492304_2019062616114694409_kstokaev-ak2.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында бір палаталы Парламент құру мәселесін көтерді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев он жыл бойы Сенатты басқарғанын еске алып, бұл жұмыстың зор жауапкершілік екенін атап өтті. Дегенмен, ол бүгінгі күні парламенттік реформа туралы мәселені ашық талқылау қажеттігін айтты.

«Бұл – өте маңызды мәселе. Оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Реформа азаматтық секторда, сарапшылар арасында және қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы тиіс. Талқылауға бір жыл уақыт қажет деп санаймын», – деді Президент.

Мемлекет басшысы 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізіп, халықтың келісімімен Конституцияға өзгерістер енгізу мүмкіндігін ұсынды.

«Егер бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай Парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын», – деді Тоқаев.

Оның сөзінше, Мәжілістің қазіргі құрамы барлық заңдық рәсімдер аяқталғанша өз жұмысын жалғастыра береді. Ал Сенат жалпыұлттық референдум қорытындысы шығып, жаңа Парламент сайлауы өткенге дейін қызметін алаңсыз атқарады.

 

Yorumlar
Diğer Haberler