7 жасар бала Эльбрустың шығыс шыңын бағындырды

1649
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1UKldD8qX1ixFZPirLzakRDI4fM7EBx4CLJmq8J1.jpg

Қырымдық 7 жасар Дмитрий Назаров әкесімен бірге Эльбрустың шығыс шыңын бағындырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жас альпинистің әкесі — Қырым астрофизикалық обсерваториясының ғылыми қызметкері.

«Шыңға 17 тамыз күні сағат 11-де шықтық, көтерілу уақыты 13 сағатқа созылды. Біз Эльбрустың шығыс шыңына көтерілдік, оның биіктігі – 5621 метр», — деді Сергей Назаров.

Айтуынша, жорыққа әкелі-балалы екеуінен бөлек тағы екі ересек адам қатысқан. Жаяу бөлік 2300 метр биіктіктен басталған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты маршруттың бір бөлігі түнде жүріп өтілген. Оттегінің жетіспеуі мен төмен температурадан тіпті ересектердің өзі қиындық көрген, дегенмен экспедиция сәтті аяқталған.

«7 жасар Дмитрий Назаровтың жетістігін Ресей рекордтар кітабына енгізуге негіз бар. Қажетті құжаттарды жібердім, қазір осы жетістікке қатысты мәтіндік сипаттама дайындап жатырмын», — деді әкесі.

Оның айтуынша, бала шыңнан кейін өзін жақсы сезінген.

Бұған дейін тағы бір альпинист бес күн бойы ашығып, тек шай мен су ішіп, Эльбрустың екі шыңын бір күнде бағындырып, рекорд орнатқан болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler