Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегеріне көлік сыйланды

985
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kCuHDdiuJSeIA8CJJm4cTKrRJZkwq8bzhhhsFx2y.jpg

Қазақстан бокс федерациясының президенті Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Болат Жұмаділовке жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Темір тұлпардың кілтін федерация басшысының көмекшісі Абзал Тұңғышбаев табыс еткен.

Бұл туралы журналист Нұрсейіт Жылқышыбай Instagram парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Жұмаділов көлікпен қатар Бекзат Сәттарханов атындағы спорт кешеніне жұмысқа да қабылданды.

Еске сала кетейік, Болат Жұмаділов  - қазақ боксының тарихындағы ең танымал спортшылардың бірі. 1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Атланта-1996 және Сидней-2000 Олимпиадасының күміс жүлдегері, 1999 жылғы әлем чемпионы.

Yorumlar
Diğer Haberler