«Қайраттың» жеңісінен кейінгі сыйлықтар жұрт талқысына түсті

990
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XDMhsjV3g3T9eIfoAsJD8xE30r8yDBz99fQYm2yC.webp

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин жаңа Hyundai Palisade автокөлігінің кілтін алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ал спортшы Темірлан Анарбековке Apple MacBook сыйлаған.

Тренерге сыйланған көліктің бастапқы бағасы 33,8 млн теңгеден басталады. Оны Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов қазақстандық клубтың Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққаны құрметіне табыстады.

«Біз «Қайраттың» Еуропаны таңқалдыратынына сенеміз. Алда Алматыда өтетін әйгілі мадридтік «Реалмен» ойын бар. Бұл – әлемдік деңгейдегі оқиға, біз сіздерге жанкүйер боламыз», – деді Смағұлов.

«Селтикке» қарсы матчтың жұлдызы атанған қақпашы Темірлан Анарбеков те назардан тыс қалған жоқ. Нұрлан Смағұлов оған Apple MacBook сыйлап, қолын қыса отырып:

«Жас футболшының болашағы алда», – деді.

Алайда желі қолданушылары спортшыға планшет табысталғанына наразылық білдірді. "Темірланға көлік мінгізу керек еді", "Кәмпитпен алдағандай болыпты", "Ойында негізгі адам - қақпашы, көлікті Темірланға беру керек еді" деген сынды түрлі пікір жазуда.

Еске сала кетейік, «Қайрат» өз алаңында мадридтік «Реалмен», бельгиялық «Брюггемен», гректің «Олимпиакосымен» және кипрлік «Пафоспен» кездеседі.

Yorumlar
Diğer Haberler