Соғысқа қарсы Козак қадағалаған. Ресей президентінің екі басқармасы тарады

1853
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iioxozk8Pt54TFvjEkJ8AcpQQTnF59VHHixlmCZG.jpg

Ресей президенті Кремль сайтында жарияланған жарлықпен президенттің екі басқармасын таратты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шетелдік елдермен мәдени және өңіраралық байланыстар жөніндегі басқарма мен шекара маңы ынтымақтастығы басқармасының орнына стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық басқармасы құрылды.

Бұған дейін «Ведомости» басылымы бұл басқармаларды Ресей президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Козак қадағалап келгенін жазған. Басылым дерегінше, жаңа басқарманы бірінші орынбасар Сергей Кириенко басқарады.

Сондай-ақ Козактың жақын арада Ресей президентінің Солтүстік-Батыс федералдық округіндегі өкілі қызметіне тағайындалуы мүмкін екені хабарланды. Ал қазіргі полпред Александр Гуцан Бас прокурор қызметін атқарып, Игорь Краснов Жоғарғы сот төрағалығына үміткер болады деген болжам бар.

 Бұған дейін The New York Times Козакты Путиннің айналасындағы соғысқа қарсы пікірін ашық білдірген жалғыз шенеунік деп сипаттаған. Басылым дерегінше, ол Ресейдің Украинадағы соғысты тоқтатып, бейбіт келіссөздер жүргізуін жақтаған

Yorumlar
Diğer Haberler