Тәуелсіздік күні қарсаңында. Трамптың арнайы өкілі Ташкентке сапарлады

1644
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Y9GiGxq5TuPsrhPN16o4veaif9lo9lWyqJgmWZmp.webp

Бүгін, 28 тамыз күні АҚШ-тың жаһандық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Паоло Замполли Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның сапары Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылған және елдер арасындағы ынтымақтастық пен достық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырылуда.

Замполли Өзбекстанның сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен нәтижелі келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар білім беру, мәдениет, инновациялар мен бизнес салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін, сондай-ақ өңірлік және жаһандық маңызы бар бірқатар мәселелерді талқылады. 

«Біз Замполлимен жемісті кездесу өткіздік. Екі ел арасында берік көпір құру жөнінде пікір алмастық. Келіссөздер барысында өңірлік және жаһандық маңызы бар бірқатар мәселелерге де тоқталып, ортақ көзқарастарымызды білдірдік. Біз өркенді болашақ жолында бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз»,— деді Саидов өзінің Telegram-арнасында.

Айта кетейік, АҚШ — Өзбекстанның маңызды экономикалық серіктесінің бірі. 2024 жылы тауар айналымы 15 пайызға өскен болатын. Жобалар портфелі 11 миллиард доллардан асып отыр.

Yorumlar
Diğer Haberler