"Қазақшаға уақыт аз ғой..." Тағы бір министр аузынан қағылды

1697
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/u4v8Y3ZLNj7M6K8ZORtB8iqEtFCDsNs8lorUtVTN.webp

Қазақстандықтарға 1414-тен хабарлама мен қоңыраулар келіп, алаяққа алдануда. Жағдайға қатысты пікір білдірген министр сынға ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алаяқтардың әрекетіне қатысты цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пікір білдірді. Алайда министр БАҚ өкілінің сұрағына орысша жауап бере бастаған. 

Кейіннен журналистің "қазақша?" деген сауалына:

"Енді уақыт аз ғой", - деп жауап берді министр. 

Желідегі жұрт ”Өзінің сүт емген ана тілі былай айтқанда”сұхбат берсе уақыт созылып,көп уақыт кетеді екен мына кісінің ойынша", "менікі, сенікі болды ғой" деп түрлі пікір білдіріп жатыр.

Кейіннен журналистердің сауалына қазақша жауап берген министр бастысы цифрлық гигиенаны сақтау керек дейді. 

"Хабарлама келсе де банк, eGov қызметкерлері ешқашан жіберген кодты сұрамайды. Сондықтан киберқауіпсіздікке қатысты курстар бар, тренингтер бар. Кибергигиенаны көбейту керек. Қауіпсіздікті күшейтуге қатысты жұмыстарды да жүргізіп жатырмыз", - дейді Мәдиев. 

Yorumlar
Diğer Haberler