Ресей Еділ-Каспий каналын тереңдетуден бас тартуы мүмкін

1920
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/kaspi-teniz.jpg

Ресей үкіметі Еділ-Каспий теңіз кеме қатынасы каналын  4,5 метрге дейін тереңдету жобасынан бас тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл шешім Қазақстанның мүддесіне тікелей әсер етуі мүмкін.

Тоқтатудың басты себебі ретінде жұмыстардың қымбаттығы, Каспий теңізінің тайыздануы және терең сулы кемелердің аз сұранысы айтылуда. 

2023–2024 жылдары каналды тереңдетуге 7,5 млрд рубльден астам қаржы жұмсалған. Бірақ Каспий деңгейінің төмендеуі топырақ қазу көлемін арттыруды талап етіп, жобаны экономикалық тұрғыдан тиімсіз етті.

Росгидромет болжамы бойынша, алдағы 10–15 жылда теңіз деңгейінің төмендеуі жалғасады. 

Қазақстан үшін бұл шешім өз порттарын тереңдету ісіне кедергі келтіруі мүмкін. Қазіргі таңда тек Құрық портындағы жұмыстар аяқталған, ал Ақтау портындағы жоба әлі басталған жоқ.

Транскаспий халықаралық көлік дәлізі (ТХКД) арқылы транзит өсіп келеді, бірақ қарқыны баяулаған. ҚР Көлік министрлігінің дерегі бойынша, соңғы бес жылда жүк айналымы алты есе артып, 4,5 млн тоннаға жеткен, алайда 2025 жылдың алғашқы жартысында өсім былтырғы деңгеймен салыстырғанда тек 7%-ды құраған.

Сарапшылардың айтуынша, егер Каспий теңізінің деңгейі төмендей берсе және ауқымды тереңдету жобалары жүзеге аспаса, дәліздің өткізу қабілеті күрт төмендейді. Бұл Орталық Азия елдерін Каспийден айналып өтетін балама теміржол және автокөлік дәліздерін дамытуға итермелеуі мүмкін.

 

 

Yorumlar
Diğer Haberler