Қазақстандық композитор туындысын рұқсатсыз қолданған гимнасшыларға ренішін білдірді

3025
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iZ2aQH01lyfIO6uSSOU9MvqoCnlcOcW5fC6c1N83.webp

Гимнастикадан Рио-де-Жанейрода өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар композитор Бауыржан Ақтайдың «Алаш аманаты» туындысын рұқсатсыз қолданған. Бұл туралы композиция авторы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сазгер ұлттық құраманың жаттықтырушысы Меруерт Балғынбаеваға хабарласып, өзінің наразылығын білдірген. Ол шығармаларын би қою үшін жазбайтынын мәлімдеген.

«Шығармамды рұқсатсыз пайдаландыңыздар. Менің музыкамнан да басқа музыкалар толып жатыр емес пе? Соларды пайдалансаңыз болады»,—деген Бауыржан Ақтай.

Ал жаттықтырушы Меруер  Балғынбаева туындыны әлемдік аренада насихаттау үшін, қазақ елінің атын шығару үшін пайдаланғанын атап өтті.

«Біз сіздің музыкаңызды енді пайдаланбаймыз, оны міндетті түрде өзгертеміз»,—деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Yorumlar
Diğer Haberler