Іле Алатауында аяғын сындырған бельгиялық турист құтқарылды

863
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5niXWKJEyRYQGHpY9fDrwGnWNwY8VAyI6ZETKJlM.jpg

Алматы облысындағы Іле Алатауының Жастар асуында аяғын сындырып, қозғала алмай қалған Бельгия азаматы құтқарылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

45 жастағы турист аяғын сындырып алған соң оның жұбайы дереу 112 нөміріне хабарласып, көмек сұраған.

Құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің «Тұйықсу» және «Мұзтау» бақылау-құтқару бекеттерінің екі тобы шыққан.

Құтқарушылар оқиға орнына 3 сағатта жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Жарақат алған адамды таулы соқпақпен жаяу түсіру құтқарушылар үшін қиынға соққан. Бұл процесс шамамен бес сағатқа созылған.

Нәтижесінде турист Медеу бөгетіне жеткізіліп, Төтенше медицина орталығының дәрігерлеріне тапсырылды. Ол Алматыдағы ауруханаға жатқызылды.

Yorumlar
Diğer Haberler