“3 мыңнан астам тәртіп сақшысы қызмет етеді”. Президент Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барады

908
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ohi8473R2KsEUf8VsXBZL7P0DAyt6iaBfFxSf8nQ.webp

21–22 тамыз күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қырғызстан ІІМ мәліметінше, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Бішкекте шамамен 3,5 мың милиция қызметкері қызмет атқарады.

Қаладағы қозғалыс уақытша тек делегация кортежі жүретін сәттерде шектелмек. Шектеулер «Манас» әуежайынан мемлекеттік резиденцияға дейінгі бағытта, Дооронбек Садырбаев көшесінде және «Ата-Бейіт» мемориалдық кешені мен Тоголок Молдо көшесінде енгізіледі.

22 тамызда Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров келіссөздер жүргізіп, Қазақстан - Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.

Сондай-ақ, сапар аясында Ош қаласында Қазақстанның Бас консулдығы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ филиалы ашылады.

Бұдан бөлек, Қазақ киносының күндері, Қазақ-қырғыз жастар форумы өтеді және Бішкектегі «Ынтымақ» паркінде «Достықтың алтын көпірі» монументі ашылады.

Yorumlar
Diğer Haberler