375 метрлік құбыр. 420 тонна бензинді Өзбекстанға заңсыз өткізгендер сотталды

1558
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/sot.jpg

Түркістан облысында бензинді жерасты тоннелі арқылы Өзбекстанға заңсыз өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сот мәліметінше, топ басшысы 15 жылға,  ал оның сыбайластары 13 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған 3 млн теңге, 16 мың литр бензин, ЗИЛ және ГАЗ жүк көліктері мемлекет меншігіне тәркіленді.

Тергеу деректеріне сәйкес, өткен жылдың шілдесінде қазақстандық азамат Өзбекстан азаматын сыбайлас етіп, трансұлттық қылмыстық топ құрған. Қылмыскерлер Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Сарықырама ауылында ұзындығы 375 метр болатын жерасты құбырын қазып, сол арқылы 2024 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін 420 тоннадан астам АИ-92 маркалы бензинді шекара асырған. Оның жалпы құны 112 млн теңгені құраған.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Yorumlar
Diğer Haberler