Қытайда хабарсыз кеткен қазақтың ұсталғанын Пекин растады

1969
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hFKVc04t0Xsan9aO53KmAMy6hZW8qywCrPcpo7rk.avif

Қытайда 23 шілдеден бері хабарсыз кеткен 48 жастағы Әлімнұр Тұрғанбайдың ұсталғанын Қытай билігі растады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.

Қазақстанның Қытайдағы консулдығының мәліметінше, Қытай қоғамдық қауіпсіздік министрлігі халықаралық ынтымақтастық басқармасы 11 тамызда ресми жауап жолдаған. Онда Әлімнұр Тұрғанбайдың әлі күнге дейін Қытай азаматы болып саналатыны және Қытайда қос азаматтықтың мойындалмайтыны атап өтілген.

Сондай-ақ оның Қытай азаматтығынан шығуға рұқсат алмағаны және автоматты түрде азаматтықтан айырылу шарттарына сәйкес келмейтіні көрсетілген.

Әлімнұр Тұрғанбайдың жұбайы Гүлдәрия Шерзат бұған дейін күйеуінен 23 шілдеден бері хабар ала алмай отырғанын айтып, көмек сұраған. Ол күні Әлімнұр жүк көлігін айдап, шекарадан өткен. Қасындағылардың сөзінше, Қытай шекарасында оны полиция ұстап әкеткен.

Қытай тарапы әзірге оның ұсталу себебі мен нақты қайда екені туралы ақпарат бермеді. Қазақстандық дипломаттар бұл мәселеге қатысты келіссөздерді жалғастырып жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler