Президент Тоқаев Әзербайжан - Армения келісімін тарихи оқиға ретінде бағалады

2085
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OOHIVLVrUOsT9aDbvEm13qZuyoJzpNqM4o0tJamI.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасында қол қойылған бейбіт келісімді тарихи маңызды оқиға деп бағалады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысының пікірінше, бұл бірегей құжаттың қабылдануы АҚШ президенті Дональд Трамптың белсенді және тиімді бітімгерлік миссиясының арқасында мүмкін болды. 

«Құжат екі мемлекет арасындағы ұзаққа созылған әскери қақтығысты тоқтатып, дипломатиялық қатынастар орнатуға және тұрақты бейбітшілік негізінде ынтымақтастықты дамытуға жол ашты», – делінген Ақорда хабарламасында.

Президент Тоқаев сондай-ақ Қазақстанның да бұл маңызды келісімге өз үлесін қосқанын атап өтті. Атап айтқанда, Алматы қаласы бейбіт келісімнің негізгі параметрлерін талқылау үшін Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлерінің кездесу орны ретінде ұсынылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әзербайжан мен Армения лидерлері АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен бірлескен декларацияға қол қойғаны туралы хабарланған.

Yorumlar
Diğer Haberler