Қызылордада терроризмді насихаттаған әйел адам 7 жылға сотталды

1121
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pqmqu3YrNVU8hIQMnXEEFN2nT2IaPbSvtKcsZFus.webp

Қызылордада 39 жастағы әйел дінаралық араздықты қоздырып, терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Мәлімет бойынша, әйел деструктивті діни ағымның жақтаушысы болған және TikTok желісінде экстремистік бағыттағы аудио-видео материалдарды жариялап отырған.

Оперативті-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҰҚКД қызметкерлері тарапынан қолға түсті.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (араздық қоздыру) және 256-бабы (терроризмді насихаттау) бойынша тергеу жүргізіліп, сараптамалар тағайындалған. Сот үкімімен әйел кінәлі деп танылып, Қызылорда қалалық соты оны 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Yorumlar
Diğer Haberler