Белгілі әншінің концерті Қазақстанда өтпейтін болды

1328
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/l4L6advD0eHacIVrFV5czVJFkZzXCnAFpMQ8TL3O.jpg

Танымал қазақстандық орындаушы Jah Khalib (Бахтияр Мамедов) Қазақстандағы тур аясындағы концерттерін кейінге қалдыруға немесе толықтай тоқтатуға мәжбүр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Музыканттың сөзінше, жаңа туған қызы күрделі отадан кейін ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

"Өкінішке қарай, турды тоқтатуға немесе кейінге шегеруге мәжбүрмін (егер күтуге дайын болсаңыздар). Қызым отадан кейін өте ауыр жағдайда жатыр. Қанша тырыссам да, сахнаға шығуға шамам жоқ", — деп жазды ол.

Jah Khalib дәл қазіргі сәтте отбасымен бірге болудың маңыздылығын атап өтті. Ол жұбайына қолдау көрсетіп, қызын аман алып қалу үшін жанынан табылғысы келетінін жеткізді.

"Қазір ең бастысы – жанұямның жанында болу. Жұбайыма демеу болып, балапаным үшін дұға етемін. Сіздерден де қолдау сұраймын – әркім өз мүмкіндігінше балаларымыздың амандығы үшін дұға етсе екен", — деді әнші.

Yorumlar
Diğer Haberler