Алматы қаласы әкімінің орынбасары өз еркімен қызметінен кетті

948
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1rA9JjJQcvTqfDPuTPOFZ0TzvJ0p1TLRQlk7KU4W.jpg

Әсем Нүсіпова Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен өз еркімен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Ресми мәліметке сәйкес, ол бұл қызметті 2022 жылдың ақпан айынан бастап атқарып келген. Оның қарамағында білім беру, денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау салалары болған.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, экономика және менеджмент мамандығы бойынша магистратура мен аспирантураны тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы осы университетте ассистент болып бастаған. Кейіннен ҚР Қауіпсіздік кеңесінде, Президент Әкімшілігінде, қаржы министрлігінде және премьер-министр кеңсесінде әртүрлі жауапты қызметтер атқарған.

2007–2008 жылдары денсаулық сақтау вице-министрі, 2016–2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2020 жылы денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы, 2020–2022 жылдары вице-министр лауазымында болған.

Айта кетейік, Алматы қаласының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды қызметке кіріскеннен кейін әкімдік құрамында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алуда. Соңғы уақытта әкімдік аппаратында жеті негізгі лауазым иесі ауысты.

Yorumlar
Diğer Haberler