Мамандар дабылы. Сауысқандық петроглифтері жойылып кетуі мүмкін

2022
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DOTgnnrdcrNedwOT2XQ7mv9B5eIBNSBMsSfi0b8t.webp

Шиелі ауданының шығысындағы Қаратау жотасында орналасқан Сауысқандық шатқалындағы петроглифтер кешені жойылып кетудің алдында тұр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Бұл туралы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Бекболат Әбутегі мәлімдеді.

473 гектар аумақты алып жатқан бұл тарихи кешенде б.з.д. ІІ мыңжылдыққа жататын 8–10 мыңға жуық жартас суреті бар. 

«Бұл бейнелер — ежелгі адамдардың тұрмыс-салтын, наным-сенімін, аңшылық және шаруашылық әрекеттерін айғақтайтын тарихи дерек. Бірақ бүгінде олардың жағдайы өте нашар. Табиғи факторлар мен өндірістік әрекеттер кесірінен петроглифтер бүлініп жатыр», — деді Әбутегі.

Кешен орналасқан аймаққа жақын маңда ванадий кенін жарылыс арқылы өндіретін зауыт бар. Сол жарылыстар мен табиғи эрозия салдарынан жартас беттері сөгіліп, тарихи таңбалар бүлініп жатқаны хабарланды.

«Егер шұғыл шара қабылданбаса, алдағы 4–5 жылда 4 мың жылдық тарихымыздан айырылып қалуымыз мүмкін», — деп ескертті музей қызметкері.

 

 

Yorumlar
Diğer Haberler