Жалған ақпарат пен лудоманияға қарсы қалай күресеміз?

770
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4FonSSwTt4FbIuZhNu9PmoIMFThf1pFxHXx4cTke.webp

Цифрлық технологиялар мен интернет қарқынды дамыған заманда жалған ақпараттың таралуы және құмар ойындарға тәуелділік артқан.

Жалған ақпарат немесе фейк жаңалықтар – шындыққа жанаспайтын, әдейі адастыру мақсатында таратылатын хабарламалар. Мұндай ақпараттар азаматтардың ой-пікірі мен шешім қабылдауына әсер етіп, қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатер төндіреді.

Жалған ақпаратпен күресудің алғашқы қадамы - медиасауаттылықты арттыру. Әр адам ақпаратты сын көзбен қабылдап, оның шынайылығын бағалай білуі қажет.

Екіншіден, кез келген салаға қатысты ақпаратты тек мемлекеттік органдардың ресми парақшалары мен кәсіби журналистика талаптарына сай жұмыс істейтін БАҚ арқылы оқып, қарау керек. 

Үшіншіден, әрбір тұлға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жалған ақпарат таратқандарға қолданылатын жаза туралы білуі тиіс. Елімізде бүгінде жалған ақпаратты таратқан жағдайда 3 жылға дейінгі жаза тағайындалған (274-бап). Бұл норма азаматтардың ақпарат таратудағы жауапкершілігін күшейтуді көздейді

Елімізде жалған ақпаратпен күресумен қатар, лудомания да белең алып жатыр. Ол - құмар ойындарға, әсіресе онлайн-бәс тігу мен казиноға патологиялық тәуелділік. 

Лудомания - қаржылық қиындықтарға ұшыратып, қарызға батырады. Сондай-ақ, отбасылық жанжалдар мен ажырасуға себеп болуы, жұмыссыздық, қоғамнан оқшаулану, депрессия, өзіне-өзі қол жұмсауға дейін апаратын психикалық күйзеліске әкеп соқтыруы мүмкін. 

Зерттеулерге сәйкес, көп жағдайда лудомания жасырын түрде дамиды. Адам өз тәуелділігін мойындамайды, әрі оны қалыпты әдет ретінде қабылдайды.

2024 жылы қабылданған заң бойынша онлайн-казино мен бәс тігу жарнамаларына шектеу қойылды. Қаржы институттары арқылы төлем жасауға да шектеулер енгізілген. Бүгінде елімізде құмар ойынға тәуелді азаматтар үшін психологиялық көмек орталықтары жұмыс істейді. 

Yorumlar
Diğer Haberler