Медеудегі тікұшаққа қатысты тергеу басталды

1688
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pwBcEcG9tnzdExtLDSZHg6PzedcUAexXvVneq70x.png

Алматыда «Медеу» спорт кешені маңында тұрғындарға қауіпті жағдайда ұшқан «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағығына қатысты тергеу жүргізілмек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес, ұшу алдын ала берілген өтінім бойынша жоспарланған. Ұшқыш — тәжірибелі маман, ал ұшар алдында бортмеханик адамдарға қауіпсіздік туралы ескерту жасаған.

Дегенмен, ұшу сәтінде желдің бағыты мен күші күрт өзгеріп, тікұшақтың тұрақтылығына әсер еткен болуы мүмкін.

Қазір оқиғаның себептері ішкі тексеріс аясында анықталуда. Ал техникалық ақау тіркелмеген.

Азаматтық авиация комитетінің бұрынғы төраға орынбасары Серік Мұхтыбаев экипаждың әрекетінде азаматтық авиация ережелерінің өрескел бұзылуы барын мәлімдеді. Оның пікірінше, мұндай жағдай — болашақта қайғылы авиациялық оқиғаға себеп болуы мүмкін. Ол тікұшақ ұшатын аумақ қоршалуы, қауіпсіздікке жауапты органдар тартылуы тиіс болғанын атап өтті.

Мұхтыбаев бұған дейін де осындай ұшуларға қатысты сын айтқанын еске салды. 2023 жылдың қысында Көкжайлау маңында ұшқыш туристік соқпақта адамдар жүргеніне қарамастан қону және ұшу жасаған. Ол кезде де қауіпсіздік шаралары ескерілмеген болатын.

Сарапшы бұл жолғы жағдай да сол ережесіздіктің жалғасы екенін айтып, жауапты органдарды тек экипажға ғана емес, ұйым басшылығына да шара қолдануға шақырды.

 

Yorumlar
Diğer Haberler