Қайдасыз, Бауыржан Байбек? Перизат Қайрат бұрынғы шенеуніктен жауап алуды сұрады

2566
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6kkA48BCD7X0GPUVqB2kISirGjNnEWDzXO82XF1s.jpg

Бүгін, 14 шілдеде Перизат Қайрат ісі бойынша өтіп жатқан сот процесінде басты айыпталушы Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Бәйбектен жауап алуды сұрады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Перизат Қайрат «BIZ BIRGEMIZ» қоры сол кездегі «Nur Otan» партиясы жанынан Бауыржан Бәйбектің басшылығы кезінде құрылғанын атап өтті.

«Қор құрылтайшыларынан жауап алудан бастауды сұраймын, өйткені айыптау актісінде бірінші абзацтан-ақ мені анаммен бірге қор құрып, олардың қолын өзі қойған деп айыптайды. Ал бұл қор Байбек басқарып тұрған кезде партия жанынан құрылған. Менен басқа құрылтайшылардың кейбірі бұрын, ал кейбірі қазіргі күнге дейін партияда қызмет етеді», – деді ол сотта.

Айта кетейік, Бауыржан Байбек 2019 жылға дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған. Кейін «Nur Otan» (қазіргі «Amanat» — ред.) партиясы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына ауысып, ол жерде 2022 жылдың басына дейін жұмыс істеген.

 

Yorumlar
Diğer Haberler