Алакөлде 6 адам мінген катамаран істен шықты

1649
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mm13kxyf57L2PBpVV3JWbBoP9rGM2Q41YFppI7xx.webp

Абай облысы Мақаншы ауданы Алакөл көлінде туристер мінген катамаран істен шықты. Бұл туралы бүгін, 10 шілдеде Төтенше жағдайлар министрлігі айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Патрульдеу кезінде құтқарушылар жағалаудан 350 метр қашықтықта 6 адам отырған сынып қалған катамаранды байқаған. Құтқарушылар дереу әрекет етіп, катамаранды сүйреп, жағаға аман-есен жеткізген.

«Жасөспірімдер медициналық көмекке мұқтаж болмады. Белгілі болғандай катамаранның рульдік басқаруы бұзылған»,—деп түсіндірді министрлік.

ТЖМ су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

 

 

Yorumlar
Diğer Haberler