Нью-Йоркте «Отырардың күйреуі» фильмі көрсетілмек

1472
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/S7BSQPNHnh9SGmVEHUhDdKoxwPktR2o7O78sFch4.jpg

Қазақстандық режиссер Ардақ Әмірқұловтың 1991 жылы түсірген «Отырардың күйреуі» атты тарихи фильмі Нью-Йорктегі «Линкольн орталығы» жанындағы киноорталықта көрсетіледі, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Орталықтың Instagram-дағы парақшасында көрсетілімнің 1 тамызда басталатыны айтылған.

Көрсетілімге арнайы дайындалған бұл туынды халықаралық Janus Films дистрибьюторы мен The Film Foundation қорының қолдауымен 4K сапасында қалпына келтірілген.

Айта кетейік, Отырардың күйреуі — "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген драмалық фильм. Туындыда Шыңғыс ханның Отырарды жоспарлы түрде жоюға дейінгі саяси астыртын әрекеттері баяндалады. 

Бұл фильм 1991 жылы шет тіліндегі ең үздік фильм ретінде «Оскар» сыйлығына Қазақстан атынан ұсынылған болатын. 2000-жылдардың басында туындының АҚШ-та танылуына әйгілі америкалық режиссер Мартин Скорсезе ерекше үлес қосып, оның көрерменге жол тартуына ықпал еткен.

Yorumlar
Diğer Haberler