Тоқаев жаңадан тағайындалған Көлік министріне бірқатар тапсырма берді

1541
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1k45J6duM0n0zaN06OFWhPtoFW0eJtOt6T0rntxk.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады. Бұл туралы бүгін, 3 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Кездесу барысында еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі арттыру шаралары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын ұлғайту үшін автомобиль жолдары мен авиахабтар желісін белсенді дамыту маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар теміржол саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.

Көлік-логистика секторының ІЖӨ-дегі үлесін ұлғайту мақсатында министрге кедергі келтіретін факторларды сараптап, саланы дамыту тәсілдерін қайта қарау міндеті жүктелді.

Мемлекет басшысы көлік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстанның Еуразиядағы негізгі сауда-логистика торабы ретіндегі рөлін нығайту үшін жан-жақты әрі тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.

Еске салайық, Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі қызметіне 30 маусымда тағайындалған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler