Үш жылдан кейінгі қоңырау. Франция мен Ресей президенттері сөйлесті

1245
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/r0Qaf8u4wFpfUN7n4myAuZ0uCTV9mR5UOYMC0zZ3.webp

Ресей президенті Владимир Путин мен Франция президенті Эммануэль Макрон үш жылдан кейін алғаш рет телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кремльдің мәліметінше, екі ел басшылары соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде сөйлескен.

Телефон арқылы болған әңгімеде Путин мен Макрон Таяу Шығыстағы шиеленіс мәселесін көтерген.

 Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс пен АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған соққыларын талқылады. Көшбасшылар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері ретінде аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі өз елдерінің жауапкершілігін атап өтті.

Сондай-ақ, Украина төңірегіндегі жағдай да сөз болды. Владимир Путин Батыс елдерін Ресейдің қауіпсіздік мүдделерін елемеді деп айыптап, Киевке қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, қақтығыстың түпкі себебі жойылған жағдайда және “жаңа территориялық шындық” ескерілген кезде Ресей келіссөздерге дайын.

Кремль әңгіме сындарлы сипатта өткенін мәлімдеді. Екі тарап болашақта да байланыста болып, өзара позицияларды үйлестіру мүмкіндігін қарастыруға келісті. Француз БАҚ-тары да Макронның Путинмен диалогты жалғастыру ниеті бар екенін хабарлады.

Yorumlar
Diğer Haberler