«Қазақстан темір жолын» басқарған Сауранбаев Көлік министрі қызметіне тағайындалды

1413
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GCq7fc2O81YDAFaAroMrBfeBqB2V7q7hyr84JENh.jpg

Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 30 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымына тағайындалды",- делінген хабарламада.

Бұған дейін ол «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған еді. 

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбыл қаласында туған. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі ҚазҰУ — ред.), Мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын (Италия) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, мұнай әкімшілендіру магистрі.

Айта кетейік, 8 маусымда Марат Қарабаев Көлік министрі лауазымынан кеткен болатын. Сол күннен бері бұл қызмет бос тұрды.

Yorumlar
Diğer Haberler