Тағы да сол Жұманғарин. БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында журналистерді "жынға" теңеді

1249
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PVrtQ0pCKnwXJlLDOgN4crxC3J0dmxVv6NWZnweo.jpg

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Orda.kz пен BES.media журналистерін «жынға» теңеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеп. 

Мәжіліс дәлізінде Серік Жұманғарин брифингтегі өз әрекетіне қатысты БАҚ айтқан сынға жауап берді. Ол Orda.kz пен BES.media журналистерін «жынға» теңеп, Достоевскийдің романын астарлап айта кетті.

«Сіздердің бұқаралық ақпарат құралыңыз қалай аталады? «Бес», иә? Атауы қызық екен. Бәлкім, Михайловичтің романына байланысты қойылған шығар, иә? Мысалы сіздер де жазып жүрсіздер, «Орда» да жазып жүр. «Ордаға» жындар кіріп кеткен сияқты», – деп әзілдеді министр.

Айта кетсек, 23 маусым күні сенат отырысының брифингінде BES.media журналисі министрліктің мәліметі бойынша 200 млрд теңгеден астам салықты бюджетке төлемеген компанияға қатысты сұрақ қойған.  Серік Жұманғарин ол компанияның атын атаудан бас тартып, журналистер ортасынан мұрнын шүйіріп өтіп, залдан шығып кетті. Одан кейін қойылған қосымша сұрақтар да жауапсыз қалды.

Бұған дейін жоғары шенді шенеунік АХҚО кесірінен миллиардтаған салық төленбейтінін айтқан еді.

«Біз салықты жоғалтып жатырмыз, өйткені АХҚО Қазақстандағы қандай да бір қосымша оффшорға айналуы мүмкін. Мен нақты кәсіпорындарды атамай-ақ қояйын, бірақ солардың бірі бас кеңсесін холдинг арқылы сол жерге көшірген. Соның салдарынан біз КТС пен ҚҚС салықтарынан 200 миллиардтан астам шығынға ұшырадық»,–деді ол.

Yorumlar
Diğer Haberler